ШҚО колонияларынан 8 сотталған азамат рақымшылықпен босатылды. Оларға рақымшылық соты Шығыс Қазақстан облысында онлайн режимде өтті.
Сот қаулысы жарияланғаннан кейін сотталғандар дереу босатылды.
Сотталғандарды туыстары да қуана қарсы алды. Олардың біреуі Өскемендегі 156/1 уақытша ұстау изоляторында отырған азамат.
– Мен алаяқтық бойынша сотталдым. Жаңа жыл қарсаңында бостандыққа шығуым апам үшін тосынсый болды. Мұнда отырған жылдары көп сабақ алдым, – дейді Владислав Слободской.
Айта кетейік, бұған дейін түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң түсіндірілген.
Semeynews.kz