ҚоғамҚылмысСемейТОП

Пәтер алып беремін: Семейлік тұрғын алаяққа жем болды

Алаяқ семейлік тұрғынға пәтер алып беруге уәде беріп, қомақты ақшаға сан қақтырды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінгі таңда баспана сатып алу халық арасында өзекті мәселе болып отыр. Үйлі болу деген арманға қол жеткізу үшін адамдар кей-кезде күмәнді келісімшарттарға барып жатады. Осы сөздің дәлелі ретінде арзан пәтерге қол жеткізбек болған Семей қаласының тұрғынын алуға болады.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Семей қ. ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына қаланың 27 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 2019 жылғы мамыр айының басында Уәлиханов көшесінде пәтер алуға көмектесемін деген сылтаумен оның ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады. Осылайша 2 700 000 теңге залал келтірген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Жауап алу кезінде күдікті қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК  190-бабының 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәлі деп танылған жағдайда, оған 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button