МәдениетҚоғамМерекеСемейТОП

Семейлік Аяз Атамен сұхбат өтті

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Semeynews.kz тілшісі Семейдегі Ф.М.Достоевский атындағы облыстық драмалық театрдық актері, 40 жылдан астам уақыт қалалық Аяз Ата рөлін сомдап келген Федор Иванович Любецкиймен сұхбаттасу өткізді.

Федор Иванович Любецский қырық жылдан астам уақыт Аяз Атаның кейпін киіп, қала тұрғындарына жаңа жылдық кештерде қуантуда.

Семейлік Аяз Ата жас кезінде траторист-комбайнер болған. Туған Отаны Молдовадан Қазақстанға тың игеру үшін комсомолдық жолдама арқылы келген. Содан кейін Қазақстанда қалып, ұзақ жылдар желілік милиция органдарында қызмет атқарды. Қалта ұрыларын ұстап, желілік қылмыстарды ашып, пойыздарда құнды жүктерді тасымалдауды қамтамасыз еткен.

– Қалайша 33 жастағы милиционер Достоевский атындағы облыстық драмалық театрдың актері болды?

– Мен ұзақ уақыт милиция мен халық театры арасында көп жүгірдім. Сол уақытта бізді, әуесқой актерлерді ҚазКСР-ның халық әртісі Тина Ивановна ЗАГОСКИНА үйретті, – деп есіне алды Любецкий. – Тина Ивановнаның ықпалымен мен өзімді кәсіби театр труппасындағы орынға байқап көруге бел будым. Байқауға қатысқан 133 адамнан мен ғана өттім. Шал (мені сол уақытта солай атаған), әрі милиционер. Комиссия мүшелерінің бірінің сұрағы әлі есімде: «Сіз милиция қызметінен жұмыстан шығып кеттіңізбе. Ал біздің театрдан да дәл солай оңай шығып кетсеңіз?». Сол уақыттағы менің жауабым: «Зейнеткерлік демалысқа шықсам да, мен театрдан кетпеймін!».

Федор Иванович өз сөзінде тұрды. Қалалық Аяз Ата 78 жаста, соған қарамастан ол әлі сахнада. ҚР еңбегі сіңген әртіс 40 жылдан астам уақыт сахна төрінде түрлі рөлдерді сомдауда. Ал Аяз Ата кейіпін Любецкий милиция органдарында қызметте жүрген уақыттан бастап сомдауда.

– Маған қызметкерлердің балаларын жаңа жылда құттықтайтыным туралы айтқанда, көзім бақырайып, «Менен қандай Аяз Ата шығады?» деп қорықтым. Менің сөзіме ешкім құлақ асқан жоқ, тоңды теріс аударды, сақал жапсырды, сыйлықтар салынған мөшекті иығыма асты да, «Алға» деп қоя берді. Ленин бөлмесіне кірдім, ол жерде шырша сәнденген, балалар менен көз алмайды. Мен қатты қобалжыдым, не істерімді білмедім. Өз-өзімді күштеп, «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен – Аяз Атамын!» дедім. Олар маған қуанышты көздерімен қарап, қошеметпен қарсы алғанда, бойымдағы барлық үрей жоғалып кетті, содан кейін бәрі сценарий бойынша жүрді.

Сіз сол уақытта сценарий дайындадыңыз ба?

– Әрине, онсыз қалай болады! Кітапханаға келіп, «Аяз Ата туралы бірдеңелер бар ма?» деп сұрадым. Жаңа жылдық кітапшаларды алдым. Түпкілікті дайындалдым, жаңа жыл туралы тақпақтар мен өлеңдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар жаттадым.

Достоевский атындағы облыстық драмтеатрдағы жұмыстың алғашқы жылында Федор Любецкийге «Аяз Ата боласың!» деді. Содан бастап таетрдағы бірде бір шырша Федор Ивановичсіз өтпеді. Қырық жыл ішінде көбі өзгерді: енді таңертеңгілік шыршаларды – интермедия деп атайды. Аяз Атаның киімі енді қызыл түсте емес, ашық-көгілдір түсте. Тіпті балалардың сана-сезімдері де өзгерді. Прагматикалық болып кеткен, – деп нақтылады Федор Иванович.

– Бес-алты жастағы балалар Аяз Атаға сенеді. Олармен қызықты, ашық жүрекпен, сеніммен қарайды! Ол одан ересектері Аяз Атаны, басқаны да тыңдағылары келмейді. Бір уақытта бір бала келіп, «Сен Аяз Ата емессің, сен киініп алған еркексің!» – деді. Мен оған: «Мен сені сиқырлы таяқпен мұздатып тастаймын!» дедім. Ал оның анасы келіп, «Кеттік бұл жерден. Сен бәрін дұрыс айттың…» – деді.

Балалар Аяз Атадан қандай сыйлықтар күтеді?

– Қазіргі уақытта балалар заманауи сыйлықтарды, смартфондар мен планшеттер сұрайды. Бір бала – «Машинаны қалаймын!» деді. Мен оған ойыншық машинаны ұсындым, ал ол – «Жоқ! Кәдімгі, үлкен машинаны қалаймын! Мен өскенше ол машинаны әкем жүргізетін болады!». Қазіргі балалар дамыған. Бұрын балаларға машина немесе қуыршақ берсең болғаны, қуаныштарында шек болмайтын!

 

– Аяз Атаға балалар қандай сұрақтар қояды?

– Балалар көбінде «Сіздің апаңыз қайда?» деп сұрайды. «Менің немерем – Ақшақар. Ал апам – үйде, кәші пісіріп жатыр!» деймін. Шынында біз бұрындары ажырасып кеткенбіз, қазір жалғыз тұрамын, оны балаларға білудің қажеті жоқ. Немесе тағы да бір сұрақ: «Неге сіз шанасыз келдіңіз?». Мен: «Шана үйдің артында тұр!». «Жоқ – дейді ол, – Мен терезеден қарадым, онда шана жоқ!». Онда мен, «Жолды жаппау үшін онда шананы біреу басқа жерге жылжытып қойған ғой!» дедім. Сонымен қатар балалар сондай жұмбақтар жасырады, тіпті айтуға ұяласың. Тағы бір бала маған өте ақылды, ойлы жұмбақ жасырды, мен шешімін көп ойландым, содан кейін «Берілдім!» дедім. Ал оның жауабы – «Бұл табыттағы өлі адам!».

– Балалар сізді шынайы Аяз Ата екеніңізге тексерді ме?

– Балалар – ешқашан олай жасап көрмеді. Бірақ ересектер тырысады – мейрамханаларда, көбінде үшінші рюмкадан кейін басталады.

70 жылдары Ф.Любецкий төменгі еңбекақы алды – бар жоғы 70 рубль. Ал оның отбасы болды. Театр әкімшілігі оның жағдайына кіріп, оған жаңа жылдық кештерде қосымша шыршалар жүргізіп ақша табуға рұқсат берді.

– 15-20 шырша өткізген уақыттарым да болды! Ұйымдарда, кәсіпорындарда, мейрамханаларда өткіздім, балаларды құттықтау үшін пәтерлерге бардым. Жаңа жылдық кештерден тапқан табысым бізге, маған, әйелімі және қызымы жарты жылға жететін, – деп еске алды Федор Иванович.

Қазіргі уақытта да Жаңа жыл қарсаңында Федор Ивановичқа маза жоқ. Бірақ тапсырыстардың көбін өзінің әріптес-әртістеріне беруге тырысады.

– Жастардың еңбекақылары аз. Ал мен, бай Аяз Атамын! Менің еңбекақым – 100 мыңнан асады және зейнетақым бар.

Аяз Ата рөлін ойнайтын Федор Иванович бала күнінде Аяз Атаға сенді ме?

  • Ұзақ уақыт сендім, 11 жасқа дейін! Менің балалық шағым қайғылы болды. Мен 1943 жылы дүниеге келдім. Шөптен құймақ жегенім есімде. Аштықтан аяғым ісінді. Өмір сүрі үшін орманды аралап, ағашқа өрмелеп, құрғақ ағаш бұтақтарын жинадым. Орманшы көріп қойса – байламды алып алатын. Егер болмасы, ағаш сатып, тамақ сатып алатынмын. Алқашқы шыршаға сегіз жасымда бардым. Ертекке түскендей болдым! Содан бастап Жаңа жыл – мен үшін сүйікті мереке болды. Маған Аяз Ата кәспит пен ойыншық ұсынды, ал мен оған: «Менің әкемді тауып берңізші!» дедім. Алайда мен әкемді таппадым. Бірақта ғажайыпқа деген сенімімді жоғалтпадым. Жан дүниемде бала болып қалдым. Әйтпесе мен Аяз Ата болмаушы едім.

Федор Иванович әлі күнге дейін Ромео рөлін сомдамағанға өкінеді.

Semeynews.kz

Фотоматериалдар Ф.М.Достоевский атындағы театр мұрағатынан

 

Осы айдарда

Back to top button