Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша «Республика» алаңына орнатылатын шырша шамдары жағылды.
«Өскеменде жаңажылдық безендіру бойынша жұмыстар аяқталуға шақ қалды. Сондай-ақ Арбат, Комендантка және 19-шы ықшам ауданында интерактивті шыршалар орнатылған», – деп жазды шаһар басшысы Жақсылық Омар Facebook парақшасында.
Бүгінде қалада 6 мұз айдыны ашылған. Олар «Алтай» және «Титан» стадиондарында, Сол жағалау және Самал саябақтарында, Коменданткада мен Комсомол аралында орналасқан.
Semeynews.kz