ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Көкпекті ауданының тұрғыны үйінде есірткі затын сақтаған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Көкпекті АПБ полиция қызметкерлері Көкпекті ауылының 46 жастағы тұрғынының есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Жедел тінту жүргізу барысында үйден ерекше иісі бар өсімдік тектес зат оралған 6 қағаз түйіншек табылды, сондай-ақ гараждан дәл осындай заты бар шыны банка мен полиэтилен пакет табылды.

Сараптама қорытындысы жалпы салмағы – 195,46 грамм, марихуана, 4,44 грамм өсімдік тектес «кептірілген марихуана» заты екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 296-бабының 2-бөлігі- «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button