ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семей тұрғыны алаяққа алданды

Семейде пәтер жалға беремін деп ақша қаражатын жымқырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында қалалықполиция басқармасының Орталық ПБ “102” жедел арнасына алаяқтық фактісі бойынша 49 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасында бейтаныс әйел Уәлиханов көшесінде, пәтерді жалға беру сылтауымен оның 30 000 теңге ақша қаражатын иемденген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қаскүнем ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, жасаған қылмысын мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button