Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы аясында қала көшелерінің бірінде 17 жастағы колледж студенті ұсталып, Өскемен қаласының Ертіс полиция бөліміне жеткізілген.
- Тінту жүргізу барасында оның қолында болған барсетканың ішіндегі әмиянынан патронға ұқсас табылды. Жүргізілген қорытындыға сәйкес, тәркіленген зат – 9 мм калибрдегі патрон болып табылды және атуға жарамды деп саналады. Сонымен қатар жасөспірім ҚР ІІМ базасында азаматтық қару иесі ретінде есепте тұрмайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287 – бабы 3-бөлігі (“атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген ақпаратты.
Semeynews.kz