ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО: Тарбағатай ауданының тұрғыны мылтықты заңсыз сақтаған

Тарбағатай полицейлерімен 51 жастағы жергілікті тұрғыннан заңсыз сақталған қару тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тарбағатай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жедел уәкілдерге аудан тұрғындарының бірі тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында 51 жастағы ер адам анықталды, оның тұрғылықты жерін тексеру барысында үйінен мылтық табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат калибрі 5,6 мм «ТО3-16» ойық атыс қаруы болып табылады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», – деді баспасөз қызметінде.

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button