ҚоғамСемейТОП

Семейде жылумен жабдықтауға 1,4 млрд теңге қарастырылған

Семейдегі жылу қазандықтарына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейде жылумен жабдықтау мәселесіне биылғы жылы бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде жылумен жабдықтау нысандарының ағымды жөндеуіне – 1,2 млрд теңге (облыстық бюджет есебінен – 831,7 млн теңге, қала бюджетінен – 407,4 млн теңге), қазандықтарды және жылу жүйелеріне қайта қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға – 247,8 млн теңге, олар – Орталық, Ғаббасов, 103, 103А, 35-квартал, Мал-дәрігерлік институты қазандықтары, жылу жүйелері – Физкультурная – Би Боранбай көшелері.

  • Жобаларды жүзеге асыру сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді, қазандықтың тиімділігін 3%-ға көтереді және қазандықтың қуаттылығын сағатына 140 Гкалл-ға артырады. Қарағайлы ықшам ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін РК-3 қазандығы құрылысының 2 кезеңі аяқталды, ол қуаттылықты сағатына 41,95-тен 70 Гкалл-ға арттыруға мүмкіндік береді, – деп айтып өтті баспасөз-конференциясы барысында Семей әкімі Бақытжан Байахметов.

Келешекте Қарағайлы ауданында тұрғын үй қорының есуін ескере отырып РК-3 қазандығының қуаттылығын 130 Гкалл-ға дейін арттыру жоспарлануда. Техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, олар жылу көзінің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button