Жыл басынан бері Семейде қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы байқалады. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.
- Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 277 млрд теңгенің өнімін өндірді, 2020 жылға қарағанда 21,5% артты. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсімі 44,3 млрд теңгеге 24% қамтамасыз етілді. Машинажасау саласында да өнім көлемі артты, тракторлар – 2,3 есеге, ГАЗель жүк көліктері – 1,5 есеге, автобустар – 6,8%-ға, Шасман жүк тасығыш көлігі – 4,7%-ға, алюмин кабелдері мен сымдары – 49,1%-ға артты. Құрылыс материалдары саласында – портландцемент 3,9%-ға, силикат кірпіш – 88,3%-ға, бетон – 77,4%-ға, газбетон – 1,7%-ға артты, – деп көрсетті қала басшысы.
Сонымен қатар қала әкімі жеңіл өнеркәсіптің, соның ішінде – мектеп киімдерін, тері өнімдерін өндіру 2,3 есеге, былғары етік өнімдері 8,0%-ға артқанын атап өтті. Сондай-ақ электр энергиясын өндіру 40%-ға, жылу энергиясын өндіру 2,6%-ға өскен.
Қала әкімінің айтуынша, тау-кен өнеркәсіптерінде өнім көлемі 2,3%-ға артты және 30,8 млрд теңгені құрады. Көмір өндіру 14,0%-ға, яғни 7,8 млн тоннаға өсті.
«ФИК»Алел» АҚ металлургиялық зауытын жаңғырту мақсатында «Суздаль» кен орнында десорбациялаудың жаңа цехын салу жоспарлануда, жобаның құны – 2,3 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыру зауыттың қуаттылығын 7,5 м3 16 м3 арттыруға мүмкіндік береді, яғни алтын өндіру 4%-ға, бюджетке салық кірісі орта есеппен алғанда жылына 277,0 млн теңгеге өседі. Сонымен қатар жүз жаңа жұмыс орыны пайда болады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде, құрылыс алаңы таңдалып алынды. Жобаны жүзеге асыру 2022 жылы жоспарлануда.
Сонымен қатар Берқара кен орнында «ARX Minerals» компаниясымен кен байыту зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаны жүзеге асырумен жылына 500 мың тонна кен өндіру және 4 мың тонна көлемінде катодты мыс байыту жоспарлануда. 300 жұмыс орны пайда болады. Зауытты іске қосы алдағы жылы жоспарлануда, жалпы инвестиция көлемі 12,7 млрд теңге.
Semeynews.kz