ҚоғамСемейТОПЭкономика

Семейде «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүргізілуде

Жыл басынан бастап жалпы сомасы 10,6 млрд теңгеге 597 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

  • 7,8 млрд теңге несие сомасында 428 жоба субсидияланды, субсидия сомасы – 657,2 млн теңге. 2,8 млрд несие сомасында 169 жоба кепілдендірілді, кепіл сомасы – 1,2 млрд теңгені құрады. 7 жобаға 21,5 млн теңге сомасында грант берілді. «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен 3,2 млрд теңгеге кәсіпкерлік нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішінде Май өндіру зауытына электр желісін тарту бойынша ұзындығы 32 шақырымды құрайтын ВЛ-110 құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы сомасы – 1,4 млрд теңге. Сонымен қатар «Өндіріс» индустриалды аймағында жылу жүйесінің құрылысы жүргізілуде, құны – 643,3 млн теңге. Жоба алдағы жылы пайдалануға беріледі. Биылғы жылы «Өндіріс» индустриалды аймағындағы құрылыс жұмыстарына байланысты су құбыры жүйесіне қайта қалпына келтіру жүргізілді. Тағы бір жобалардың бірі – «Жоламан» ЖШС СЛО су құбыры және кәріз желісі тартылды. Жобаның құны – 111,1 млн теңге. Сондай-ақ ТОО «QAZAQASTYQGROUP» май экстракциялау зауытында ағынды суларды тазарты қондырғылары бар кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде, жоба құны – 964,2 млн теңге, – деп хабарлады шаһар басшысы.

ШҚО координациялау кеңесімен жалпы сомасы 73,1 млн теңгені құрайтын 2 жоба мақұлданды және іске асырылуда. Бұл «Семей-Алматы» тас жолынан байланыстыру нүктесіне дейін («Мирас Плюс» ЖШС) кәріз желісін тарту құрылысы, жоба құны – 57,4 млн теңге және «Биовторполимер» ЖШС электр желісін тарту құрылыс, құны – 15,7 млн теңге.

Сонымен қатар, “Еңбек”  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 163 адамға 95,1 млн теңгеге мемлекеттік гранттар, 684 млн теңгеге 78 қатысушыға шағын несиелер берілгені айтылды.

  • “Ақ Ниет” өңірлік бағдарламасы аясында 578,1 млн теңгеге 43 жоба іске асырылды. “Қарапайым заттар экономикасы” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 5,1 млрд.теңге сомасына 34 жоба қаржыландырылды, соның ішінде субсидия сомасы – 362,0 млн теңгені құрады. Сомасы 44,0 млн теңгеге 2 жоба кепілдендірілді, – деп қорытындылады Бақытжан Байахметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button