ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде Ертіс өзеніне көлік батып кетті, 20 жастағы бойжеткен көз жұмды

Ертіс өзеніне жеңіл көлік құлап кетті, бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінде ақпаратты растады, алайда, ҚР ҚК 201-бабына сілтеме жасап, оқиға туралы толықтай мәліметтер берілмеді.

“21 желтоқсанда қалалық ПБ Орталық ПБ аталған факті бойынша ҚР ҚК 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деп түсіндірді қалалық полиция басқармасында.

Бейресми ақпараттар бойынша, жеңіл көлік 20 жастағы жолаушы бойжеткенмен бірге су астына батып кеткен, ал жүргізуші шығып үлгерген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button