ҚоғамҚылмысСемейТОП

Қалтасына оқ-дәрі жасырған Семей тұрғыны ұсталды

42 жастағы семейлік тұрғыннан оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауыншщ, ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Семей қаласының Уранхаев көшесінде оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел тінту барысында оның күртешесінің ішкі қалтасынан 25 патрон салынған пластик қорап табылып, тәркіленді.
– Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген 23 патрон ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілер, Макаров тапаншасына арналған 9х18 мм калибрлі бір патрон және СӨО және АК-47 автоматынан атуға арналған 7,62 х 54 мм калибрлі патрон екені анықталды. Сараптама қортындысы тәркіленген патрондар оқ атуға жарамды екенін көрсетті. Ұсталған азаматқа міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 287-бабы 3-бөлігі – «Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button