
Құнды жинақты Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Абай музейінің өкілдері таныстырды.
- 1909 жылы Абай қайтыс болғаннан кейін оның алғашқы жинағы басылып шықты. Кітаптың жарық көруінде, оның ұлы Тұрағұлдың, немере інісі Кәкетайдың және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының лидері Әлихан Бөкейхановтың үлесі зор болды. Жинақ Нұр-Сұлтан қаласындағы қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптардың ұлттық орталығында қайта қалпына келтірілді. Орталық өкілдер бізге көрмемен келгенде, бізде бірегей жинақтың бар екенін біліп, оны қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Кітаптың мұқабасы болған жоқ, бірқатар беттері жыртылған және кейбір беттері мүлдем болған жоқ болатын. Кітап қалпына келтірілді, әр парағы құю жолымен қалпына келтірілді, кітап музейге жаңа қатты мұқабада оралды, – деп айтып берді Абай музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.
Кітап 120 беттен тұрады және «Халық туралы», «Махаббат туралы» сынды тағы да басқа бөлімдерге бөлінген. Жинаққа Абайдың жүзге жуық шығармалары енген. Кітапты қайта қалпына келтіру – арзан жұмыс емес. Осындай кітапты қайта қалпына келтіру үшін жарты миллионға жуық қаражат қажет. Бірақта осы жинақты музей үшін тегін қайта қалпына келтірді.
- Бізді Нұр-Сұлтан қаласындағы қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптардың ұлттық орталығы қолдады. Біз олармен бірлескен шаралар, көрмелер өткіздік, іс-шаралар шеңберінде осы құнды жинақты көрсеттік. Бұл Абайдың алғашқы шығармалары болғандықтан олар бізді қолдады және кітапты тегін қайта қалпына келтіріп, музейге сыйлық жасады. Біздің музей оларды құнды кітаптар мен қолжазбалардың көптігімен қызықтырды. Олар кітаптарды және қолжазбаларды цифрландырып, өз қорларын цифрландырылған нұсқасымен толықтырып, түпнұсқаны бізге кері қайтарады. Бұл екі жаққа да тиімді жұмыс, осы бағыт бойынша жұмыс одан ары жалғасатын болады. Қайта қалпына келтіретін кітаптар саны өте көп. Қырыққа жуық кітапты цифрландыру қажет, – деп қосымшалады Мейрамгүл Қайрамбаева.
Сонымен қатар, баспасөз-конференциясы барысында Алаш арыстары музейінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына да тоқталды.
- Шығыс Қазақстан облысында біздің музейдің сегіз филиалы бар. Биылғы жылы Абай музейінің қаражаты есебінен Шәкер Әбенов және Көкбай ақын музейлерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Алаш арыстары музейінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өйткені бұл тарихи маңызды ғимарат, біз министрлікке шықтық, содан кейін олар қаржы бөлді және қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қазір біз жаңа материалдар бөлу үшін министрлікпен келісудеміз. Біз жаңа экспозиция ашуды жоспарлаудамыз, өйткені бұрынғысы ескірген, – деп қорытындылады Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шанбай.
Құнды кітаптарды цифрландыружәне Алаш арыстары музейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Semeynews.kz