Семейде қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасының орны босады. Ұйымды 10 жылдан астам уақыт басқарған Амантай Догалаков өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Ардагер өз шешімін отбасылық жағдаймен, яғни Алматы қаласында тұратын балаларына жақын орналассам деп түсіндірді.
Амантай Догалаковтың өтініші 13 адамнан тұратын Президиум отырысында қаралды.
- Мен сіздердің барлықтарыңызға көп жылдық бірлескен жұмыс үшін ризамын. Менің шешімімнің жасырын себептері жоқ. Менің денсаулығым мықты, туған қаламның игілігі үшін жұмыс істегім келеді. Бірақ жылдар өтеді. Менің балаларыма жақын болуға деген табиғи тілегім бар, – деді Амантай Догалаков жолдастарына.
Амантай Доғалақов Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. Мал дәрігерінен совхоз директоры, Жаңасемей ауданы әкімшілігінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. «Құрмет», «Халықтар Достығы» ордендерімен марапатталып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атынан Алғыс хаты алған.
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов ардагерге көп жылғы жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша ақсақалдың иығына шапан жапты. Сонымен қатар, қала әкімі залда отырған барлық ардагерлерге алғысын білдірді.
- Сізге жас ұрпақты тәрбиелеуде жүргізіп жатқан жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіз біздің тәлімгеріміз. Сіздің кеңесіңіз бізді дұрыс жолға бағыттайды. Сіз үлесіңізге көптеген сынақтар түсті. Сіз 90-шы жылдары жалақы мен зейнетақының төленбегенін, жылумен, жарықпен қандай үлкен проблемалар болғанын көрдіңіз. Қазір біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Біздің бүгінгі жеңістеріміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегі мен дана саясатының нәтижесі. Жасампаздық пен дамуға бағытталған 30 жыл бұрын қабылданған саясатты бүгінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді. Сіздің қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне қосқан үлесіңіз, әрине, баға жетпес, – деді Бақытжан Байахметов.
Семей қаласының соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі төрағасының міндетін төрағаның орынбасары Алмагүл Жұмағұлова уақытша атқаратын болады.
Семей ардагерлер кеңесінің жаңа басшысын сайлау келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында өтеді деп күтілуде.
Semeynews.kz