Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Шығыс Қазақстанда қалай жүзеге асырылуда?
Қазақстанда әлеуметтік аспектілерге назар аудара отырып бизнесті қолдаудың жаңа үлгісін қарқынды енгізуде, бұл отбасылық бизнес, бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасылары үшін.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы азаматтарды келесі салаларда кәсіпкерлікке тартуды көздейді, техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбекпен қамту.
Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайрғазинов, Шығыс Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға биылғы жылы барлық қаржыландыру көздерінен 11,7 млрд теңге бөлінгенін айтып өтті. Жыл басынан бастап бағдарламаға 31 мың адам қатысты, олардың 26 мыңға жуығы еңбекпен қамтылды, оның 16 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
«Еңбек» бағдарламасы үш бағытты қарастырады. Бірінші бағытқа қысқа мерзімді кәсіби оқуды, жоғарғы оқу орындарына түсе алмаған мектеп түлектерін техникалық және кәсіби мамандықтармен қамтамасыз ету кіреді. Досхан Қайрғазиновтың мәліметі бойынша, жыл басынан бастап 2018, 2019 және 2020 жылдары оқуға қабылданған 4,5 мың адам білімдерін жалғастырған, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың 1,8 мыңы білім алуды аяқтаған, 1,7 қолма-қол жұмысқа орналастырылды. 1730 адамнан тұратын жаңа білім алушылар 2021 жылғы 1 қыркүйекте білім алуға кірісті.
Қысқа мерзімді білім алуға 1,5 адам жолданды, оның 1,2 мыңы оқуды аяқтады, мың адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуды қосады. Басқарма басшысы орынбасарының мәліметі бойынша, жылдық 6 пайыз мөлшерлемесімен 4 млрд теңгеден астам кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие қарастырылған. Қаржы игерілді, 838 шағын неисе берілді, оладың 694-і ауылдарда берілді. 438 млн теңге сомасындағы шағын несие көпбалалы отбасыларына берілді.
Кәсіпкерлікті несиелендіру нәтижесі бойынша старттық жобаларда 693 жұмыс орны құрылды және әреке тетуші бизнесті кеңейтуде 292 жұмыс орны пайда болды.
«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде екі мыңға жуық адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін биылғы жылы жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 1815 грант беру көзделген. Бір гранттың көлемі – 200 АЕК. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 999 млн теңгені құрайтын 1713 грант берілді. Жекелей алғанда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 600 грант берілді.
Үшінші бағыт шеңберінде, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша 10 мың адам жұмыспен қамтылды, ол жылдық жоспардан 30 пайызға артық. Досхан Қайрғазинов атап өткендей, әлеуметтік жұмыс орындарына 900-ге жуық адам орналастырылды, 8 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұдан бөлек, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде 90 адам жұмысқа орналастырылды, ал «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 4 адам еңбекпен қамтамасыз етілді.
Жалпы алғанда, «Еңбек» мемлекетік бағдарламасы жыл сайын өз нәтижесін көрсетуде.
Semeynews.kz