ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.
Жедел шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы ретте уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтауға баса назар аударылып отыр.
«Семей қаласында жеке кәсіпкердің көпқабатты үй құрылысында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 10 азаматы анықталды. Кәсіп иесіне аталған құқық бұзушылық бойынша 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал шетелдіктер сот шешімімен ел аумағынан шығарылады», – деді ведомствода.
Енді шетелдіктерге 5 жыл бойы Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.
Semeynews.kz