ДенсаулықҚоғамСемейТағайындауларТОП

Семейдің медициналық университетіне жаңа ректор тағайындалды

Жоғарғы оқу орнының басшысы лауазымына жоғартғы санаттағы дәрігер-ангиохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтай Дюсупов тағайындалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңа ректорды салтанатты шара барысында денсаулық сақтау вице-министр Ажар Гиният таныстырды.
Алтай Дюсупов 1977 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын үздік тәмамдаған.
2000-2001 жылдары “хирургия” мамандығы бойынша интернатурадан өткен. Интернатураны аяқтағаннан кейін ректордың шешімімен медициналық катастрофа курсына ассистент ретінде қалып, ағылшын тілінде студенттерге сабақ берді..итальді хирургия кафедрасының ассистенті, 2005 жылдан бастап университеттің госпиталінің жүрек-тамыр хирургия бөлімшесінде қызмет жасады, жоғарғы санаттағы дәрігер-ангиохирург.
2007 жылдың мамырында СММА ректорының көмекшісі лауазымына тағайындалды.
2009 жылғы 28 қыркүйекте – Семейдің мемлекеттік медициналық университетінің дамыту және ұйымдастыру жөніндегі проректоры.
2013 жылғы 11 қазанда – ғылыми және клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры лауазымына тағайындалды.
2018 жылғы қаңтарда – хирургия интернатурасының профессоры.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы қыркүйекке дейін факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі.
2019 жылғы қыркүйекте университетте алғашқы жаңа – жүрек-тамыр және кеуде хирургиясының кафедрасы ашылды, кафедраның тұңғыш меңгерушісі болып Алтай Дюсупов тағайындалды.
Алтай Дюсупов кандидаттық диссертацияч қорғап, бірқатар мемлекеттік сыйлықтарды жеңіп алған, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және денсаулық сақтау саласының наградаларымен марапатталған.
Үйленген, үш ұл, бір қыз тәрбиелеуде.
Еске сала кетейік, СМУ бұрынғы ректоры Ерсін Жүнісов еғбек шарты уақытының аяқталуына байланысты 2021 жылғы 16 тамызда бірінші басшы лауазымынан босаған болатын.
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button