ҚоғамСемейТОП

Семейде Қазақстан халқы Ассемблеясының «Қазақтану» жобасы шеңберінде республикалық лекторий өтті

Қазақстан халқы Ассамлеясының республикалық өкілдері Семейдегі студент жастармен кездесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Қазақстан – бұл өз жерінде 125-тен астам ұлтты біріктірген бірегей мемлекет.  Бүгін біз елімізде заңнамалық деңгей шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру мақсатында лекторий өткізудеміз. Сіздер осы республикада өмір сүресіздер, елімізді сіздер көтересіздер, еліміздің нақты патриоттары болып табыласыздар. Біздің еліміз ішкі қауіп-қатерді жеңу үшін жұмыс істеп жатқан халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінде белсенді позицияларды ұстануда. Шынында біз бүгіндері экономикалық және саяси факторлардың қысымдарын сезінудеміз, өкінішке орай, олар қоғам пікіріне әсер етуде. Көбінде әлеуметтік желілер манипуляциялық ықпал жасауда. Кей жағдайларда, осындай ықпалдар құқыққа қайшы әрекет жасауға, тіпті кей жағдайларда қылмыс жасауға итермелейді. Кейде, елде ұлтаралық келіспеушіліктерді тудыру мақсатында, тұрмыстық қақтығыстар этникааралық қақтығыс ретінде көрсетіледі. Мемлекет басшысы нақтылы экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресстер заманымыздың сын-қатерлеріне бірден-бір дұрыс жауап беретінен айтты. Бүгін біз осы туралы лектрий жүргіземіз, – деді Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина.

Кеше дәл осындай лекторий облыс орталығында жүргізілді.

  • Біз Қазақстан халқы Ассамблеясында бастау алған «Қазақтану» жобасы шеңберінде келдік. Кеше біз Өскеменде болып, оқу ұйымдарында және еңбек ұжымдарында кездесулер өткіздік. Менің өзім қазақтың даласындағы ағартудың басталған жері, тасында тарих жатқан Семейге келгеніме және осы жерде Қазақстан тарихында көрнекті орын алған тарихи тұлғалардың портреттерін көргеніме өте қуаныштымын. Себебі, солардың суреттеріне қарап, жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге болады. «Қазақтану» жобасының басты мақсаты – Қазақстанды мекендеген жүзден астам этностың өкілдері, осы жерді атамекен етіп келгеннен кейін, осы жерде ұрпақ таратқаннан кейін, оларды қабылдап алған, бауырына басқан, паналатқан қазақ халқының тарихын, салтын, дәстүрін, тілін білуді және құрметтеуді насихаттау – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жазушы, аудармашы, этнограф Кәмәл Әлпейісова.

Жобаның маңыздылығын дәріске белсене қатысқан оқу орындарының студенттері де атап өтуде.

Еске салайық, «Қазақтану» жобасы 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Елбасының қолдауымен қабылданған. «Қазақтану» жобасы қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін құру мақсатында қолға алынды.

Semeynews.kz

 

 

Осы айдарда

Back to top button