Жасөспірімдерді вакцинациялау қатаң түрде ата-анасының жазбаша рұқсатымен жүргізілуде. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей медициналық университетінің балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Ернат Смайылов айтып берді.
- Қазіргі уақытта қалада вакцинаның алты түрі бар, жақында Pfizer вакцинасы әкелінді. 12 – 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялауда. Вакцинаның құрамы толықтай қауіпсіз, оның құрамына вирус кірмейді. Ауыруды туғызу үшін вирустың өзі қажет екені белгілі. Дегенмен, вакцинаның құрамында ол жоқ. Вакцинада оның бөлігі ғана бар, адам ағзасында вируспен күресетін антиденелер шығарады. Сондықтан, вакцина алған адам науқастанған жағдайда, оның денесінде вирусқа төтеп беретін қорғаныс механизмі болады. Вакцина қауіпсіз, – деп қорытындылады Ернат Смайылов.
Вакцинациялау науқаны жалғасуда.
Semeynews.kz