ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде бір күнде 30-дан астам мас жүргізуші анықталды

Семейде "Құқықтық тәртіп" ЖААШ алғашқы күнінде 300-ден әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 – 11 желтоқсан аралығында қала аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

“Шараның алғашқы күнінде полицейлермен бұрын жасалған 3 қылмыс ашылды, іздеуде болған 2 қылмыскер ұсталды. 309 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, соның ішінде ұсақ бұзақылық бойынша 50 факті, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және ішімдік ішудің 59 фактісі, ҚР аумағында тұру ережесін бұзудың 68 фактісі, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 36 фактісі анықталды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button