Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде Pfizer вакцинациясы жалғасуда

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын қала бойынша 4744 бала мен жасөспірім, 86 жүкті әйел және 338 бала емізетін әйел алды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жасөспірімдерді вакцинациялау қатаң түрде ата-анасының келісімдері арқылы жүргізілуде.

№ 33 мектепте бүгінгі күні Pfizer вакцинасымен 44 оқушы вакцинацияланды.

  • Вакцинация – бұл маңызды. Қазіргі уақытта біздің мектепте короновирусқа қарсы вакцинаны 44 оқушы алды. Вакцинация алдында біз педагогтар мен ата-аналар арасында медицина қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Жиналыстар онлайн және оффлайн форматтарында жүргізілді. Вакцинация ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қажет, – деді № 33 мектеп директорының орынбасары Әдия Қаржикова.

Дәл осындай жұмыстар № 17 орта мектепте де жүргізілді.

  • Бүгінгі күні он жеті жиын өткіздік, оған ата-аналар және медициналық ұйымдардың дәрігерлері қатысты. Қазіргі уақытта біздің мектеп бойынша 77 оқушы вакцина алды. Вакцина алған балаларда ешқандай жанама әсерлер байқалмайды, олардың барлығы сабаққа қатысуда. Осының барлығы біздің оқушылардың денсаулықтары үшін жасалуда, – деп атап өтті № 17 мектеп директорының орынбасары Әділет Тұрлыбаев.

№ 48 мектепте вакцинаияланған оқушылардың саны – 50. Мектеп педагогтарының айтуларынша, бастапқыда ата-аналар вакцинацияға қарсы болды, алайда дәрігермен кеңесуден кейін және Pfizer вакцинасы туралы терең мағлұматтар білгеннен кейін олар өз көзқарастарын өзгертіп, балаларына вакцина қойғызуға шешім қабылдады.

  • Қараша айының басынан бастап біз медицина қызметкерлерінің, педагогтардың және ата-аналардың қатысуларымен жиналыс өткіздік. Жиналыс барысында біз ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балаларды, жасөспірімдерді, сонымен қатар жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерді вакцинациялайтын Pfizer вакцинасы туралы толық мәліметтер бердік. Вакцина туралы толығырақ біліп, көптеген ата-ана өз көзқарастарын өзгертті және балаларына екпе салуға шешім қабылдады. Бүгінгі күні біздің мектепте 47 оқушы вакцина алды, – деді № 48 мектеп директорының орынбасары Ажар Мұсалиева.

Ата-аналардың өздеріде екпе алған балаларда жанама әсерлер байқалмағанын атап өтуде.

  • Пандемия басталғаннан бастап мен өз балаларымның денсаулықтары үшін қатты алаңдайтынмын. Pfizer вакцинасы қала жеткізілген сәтте менің үлкен балам вакцина алды. Ешқандай жана әсерлер байқалған жоқ, ол өзін жақсы сезінуде. Біз көп ойландық, нәтижесінде вакцина үлесіне шешім қабылдадық. Барлық ата-ананың назарына! Сіздердің балаларыңыздың тағдырлары сіздердің қолдарыңызда, олардың денсаулығы мен болашағына қамқорлық жасауымыз керек, – деді Ботагөз Мұхтарова.

Семейлік Жазира Темеркенованың ұлы алғашқылардың бірі болып вакцина алды. Анасының айтуынша, вакцинация жақсы өтті, бала өзін жақсы сезінуде.

  • Менің ұлым № 33 мектепте оқиды. Ол алғашқылардың бірі болып вакцина алды. Онда барлығы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер болған жоқ. Барлық ата-анаға айтарым – вакцинация, бірінші кезекте, ол сіздің балаңыздың денсаулығы мен болашағы үшін қажет, – деді Жазира Темеркенова.

Көпбалалы ана Бибігүл Қабдоллинаның екі баласы бірдей вакцина алды. Балаларда ешқандай жанама әсерлер болмаған.

  • Менің төрт балам бар. Екі үлкен балам вакцинацияланған. Жанама әсерлер болған жоқ. Балаларым қазір сабаққа барып жүр. Біз түсінуіміз керек, вакцинация бірінші кезекте бала денсаулығы үшін керек. Әр ата-ана өз баласының болашағы үшін алаңдауы қажет. Вакцинация – әзірге өзіңізді және балаларыңызды короновирустан қорғаудың жалғыз жолы, – деді Бибігүл Қабдоллина.

Еске салайық, Pfizer вакцинасының бірінші компоненті Семейге 17 қарашада әкелінді. Вакцинация ерікті негізде және міндетті түрде ата-анасының рұқсатымен жүргізіледі. Оған 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдер жіберіледі. Pfizer вакцинасының құрамында короновирус бөліктері жоқ екені аталып өтілуде. Вакцина алғаннан кейін жасөспірімнің ағзасында антиденелер мен иммунитет қалыптасып, баланы КВИ-дан қорғайды. Вакцинациялау жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button