ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде кеше түнде жігіт пен қызды көлік қақты

Семейде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жігі пен қызды көлік қақты, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 желтоқсан күні сағат 22:20 шамасында Қабанбай батыр және Гете көшелерінің қиылысында орын алған.

“29 жастағы Land Rover көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2 жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, 16 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді”, – деп түсіндірді полицияда.

Жүргізуші ұсталды, уақытша қамау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button