
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2021 жылғы 16 қарашада кешкілік уақытта ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Ертіс» стационарлық-бақылау бекетінде 46 жастағы жүргізуші басқарған «Lada» автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында көліктің жүксалғышында рұқсат қағаздары жоқ бір қойды тапты.
«Жедел-тергеу амалдарын жүргізу барысында аталған азамат Бесқарағай ауданында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің аумағына кіріп, Семей қаласының 46 жастағы тұрғынына тиесілі бір қойды ұрлап кеткені анықталды. Осылайша 50 000 теңге шығын келтірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 – бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп көрсетілген баспасөз мәліметінде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Semeynews.kz