ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік тұрғын алаяққа жем болды

Семейде пластикалық терезе қоюға уәде берген алаяқ семейлік тұрғынды алдап кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 10 қарашасында сағат 20:25 шамасында Әуезов ПБ кезекші бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлаған.

“Оған тамыз айының ортасында пластик терезелерді орнату сылтауымен бейтаныс жігіт келіп, сеніміне кіріп, 82 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденгені белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Сұрау алу барысында ол кінәсін мойындады”,- деді баспасөз қызметінде.

Аталған факт ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button