Әлеуметтік желілерде Семейдегі темір жол вокзалында жүгіріп жүрген егеуқұйрықтар туралы видео пайда болды.
Теміржол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында хабарлағандай, темір жол вокзалын тексеруге ешқандай негіз жоқ.
“Біріншіден, тексеру тағайындау үшін негіз керек. Бүгінгі таңда темір жол вокзалының жағдайына қатысты жеке және заңды тұлғалар тарапынан Семей аймағы бойынша көліктегі басқармаға шағымдар мен арыздар түскен жоқ. Бұл сұрақ бақылауда, егер негіз болса, барлық іс-шаралар жүргізіледі және өз құзыреті шегінде барлық шаралар қабылданады”, – деп түсіндірді басқармада.
Semeynews.kz



