
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 5 жылдың ішінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы берілген болатын. Осыған сәйкес биылғы жылы Бесқарағай ауданындағы 28 елді мекеннің 21-і немесе 87%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.
- 2021 жылы Қарағайлы ауылында су құбырын тарту жұмыстары аяқталып, халық игілігіне берілді. Бүгінгі күні Долон және Қарабас ауылындарында су құбыры мен су құрылысы жұмыстары аяқталу алдында. Глуховка ауылында су құбыры жүйесі және су тарту құрылысының, Мостик ауылында да таза ауыз суды тарататын 2 Блокты-модульді стансасын орнату жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Бөдене ауылындағы су құбыры мен су тарту құбыры бойынша жұмыстар басталды, келісімшарт бойынша жұмыстың аяқталуын 2022 жылға жоспарланған. Бесқарағай ауылының су құбыры және су тарту құбырының жүйелерін қайта жаңартудың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Ерназар ауылындағы су құбыры және су тарту құбырының жобасы бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім берілді. Жұмыстар 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады, – деді Жарқынбек Байсабыров.
Бесқарағай ауданында 2021 жылы 5 жоба (Қарағайлы, Қарабас, Долон, Мостик, Глуховка) іске асырылды, сумен жабдықтаудың жалпы қамтылуы 87% құрады. 2022 жылдың аяғында 1 жоба, Бөдене ауылындағы жұмыстар іске асырылғанда сумен жабдықтаудың жалпы қамтылуы аудан бойынша 92,9% – ды құрайтын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Бесқарағай ауданында 2023 жылы Ерназар ауылдық округінің халқын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Semeynews.kz