ШҚОДенсаулықҚоғамТОПШҚО

ШҚО: Бесқарағай ауданында 25 мыңға жуық адам вакцина алды

Қараша айындағы жағдай бойынша, короновирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған адамдар саны - 12184 адам, екінші компонентін алған адамдар саны -12174 адам, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бесқарағай ауданында  24 медициналық  мекеме қызмет етеді. Оның ішінде 1 аудандық аурухана, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 15 медициналық пункт және 7 дәрігерлік амбулаториялар. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Жарқынбек Байсабыров айтып өтті.

  • Ауданда 60 төсек – орынға арналған инфекциялық бөлімше, оның ішінде 6 қарқынды терапия палатасы, 10 егу пункті жұмыс істейді, 1 жылжымалы медициналық кешен бар. Егу пункттері барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Коронавирустық инфекциямен күресу кезінде демеушілер арқылы аудандық ауруханаға 17 дана пульсоксиметр, 20 оттегі концентраты сатып алынды. Облыстық денсаулық сақтау бөлімімен  стационарлық рентген аппараты, 7 оттегі концентраты, 1 өкпені жасанды желдету аппараты, 6 төсек жанындағы монитор сатып алынды,– деді Жарқынбек Байсабыров.

Қазіргі уақытта ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аудандық аурухана вирусқа қарсы және дене қызуын төмендететін дәрілік препараттармен 100 % қамтамасыз етілді. 2021 жылы аудандық аурухананың автопаркі 2 жаңа жедел жәрдем машинасымен толықтырылды. Жедел жәрдем көліктері медициналық техникамен барынша жабдықталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button