Covid-19ҚазақстанТОП

Қазақстан коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша әлемде 105-орында тұр

Қазақстан 222 елдің әлемдік рейтингісінде COVID-19-дың өлім көрсеткіші бойынша 101-орында тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде КВИ-дің 254 миллионнан астам жағдайы тіркелгді. Тәулігіне 340 мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтеріне сенсек, соңғы екі аптада 54 елдің 36-сында сырқаттанудың өсуі байқалады», – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, кейінгі 14 күнде аурудың ең көп өсімі Венгрияда, Австрияда, Германияда Польшада байқалған.

«Ауру өсімі 14 елде, оның ішінде Израильде 48%, Молдовада 28%, Қырғызстанда 23%, Арменияда 22%, Ұлыбританияда 18%, Эстонияда 16% және Беларуссияда 3% төмендеді. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру көрсеткіші 23% төмендеді. 222 елдің әлемдік рейтингісінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша – 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша – 101-орында тұр», – деді министр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button