ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да алаяқтар зейнеткерді көліксіз қалтырды

Шығыс Қазақстан тұрғыны алдау жолымен зейнеткердің көлігін иеленген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 2 қарашасында Алтай аудандық полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер жүгініп, ағымдағы жылдың жазында бейтаныс тұлға оның ВАЗ маркалы көлігін жөндеп беремін деп алып, әлі күнге дейін қайтармағанын жеткізген. Көлік иесінің бағалауынша шығын сомасы – 600 000 теңге.

Жедел-іздестіру шарасы барысында аталған ауданның  34 жастағы тұрғыны анықталды, ол өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта қаскөйге қатысты келу міндеттемесі шарасы қолданылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК190-бабының 1-бөлігі – “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button