ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде екі кішкентай баланы көлік қақты

Семейде жаяу жүргіншілер жолағында жүргізуші екі баланы қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кеше кешкісін, сағат 18:00 шамасында Морозов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолағымен екі баласын жетектеп келе жатқан әйелге қызыл-қошқыл түсті көлік жол бермеген. Нәтижесінде екі бала көлік дөңгелегінің астына түсті. Көлік жүргізушісі көмек көрсетпей оқиға орнынан қашып кеткен. Көлікті іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта балалардың денсаулықтарына еш қауіп жоқ.

Куәгерлер болса келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуды сұрайды: +7 (700) 777-01-10, +7 (747) 656 5287, +7 (747) 904-01-44.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button