ҚоғамСемейТОП

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семей қаласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бойынша жобаларды толық қолдады

2019 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілген болатын, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен арнайы кеңесте Жоспардың іске асырылу барысы талқыланды. Кеңеске облыс әкімдігінің тиісті басқармалары, сондай-ақ Семей қалалық әкімдігінің барлық бөлімдері қатысты.

Жалпы, жоспарға сәйкес инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, білім беру нысандары, денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және т.б. салаларға қатысты 7 бағыт бойынша 56 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған.

Семей қаласын дамытудың Кешенді жоспары бойынша 2020-2021 жылдары іске асыру үшін 51 жоба қарастырылған.

Іске асырылған жобалардың ішінде Восход кентінде бұрынғы «Семей су» зауытының базасында жалпы инвестиция көлемі 9 млрд.теңге болатын мультикультураларды (күнбағыс, рапс, соя) қайта өңдеу бойынша автоматтандырылған кешенді атап өтуге болады.

Денсаулық сақтау саласында 35-ші квартал ауданында Облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы іске қосылды. Бұл алдыңғы қатарлы әлемдік жетістіктер негізінде тек облысымыздың ғана емес, көршілес өңірлердің де онкологиялық ауруларды сапалы емдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 35-ші кварталда «ИнВитро+» консультативтік-диагностикалық емханасында қосымша бөлігі салынды. Өз кезегінде, бұл тұрғындарды медициналық әлеуметтік оңалту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, биыл Қарағайлы шағын ауданында қаржыландыру көлемі 5,4 млрд теңге болатын 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы басталды.

Оқушылар орнының тапшылығын жою мақсатында Шығыс кентінде 1200 орындық, ал Степной кентінде 300 орындық екі жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы аяқталуда.

Жол саласында да бірқатар істер атқарылды. Мысалы, Жангелдин көшесінен Омбы-Майқапшағай жолына дейінгі ұзындығы 2,5 км жол төсемі ауыстырылды.

Республикалық бюджет есебінен республикалық маңызы бар «Семей – Қайнар» автожолында ұзындығы 99 км жолдарға 3,7 млрд. теңгеге орташа жөндеу жүргізілді.

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 42,3 км жол-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 50-ден астам көшеде жүргізіліп, жұмыс көлемі 19200 ш. м. құрады.

Жыл соңына дейін Қарағайлы тұрғын ауданында 3,5 км кварталішілік жолдар салынады.

Қарағайлы тұрғын ауданының құрылысына және тиісінше жылу энергиясына қажеттіліктің артуына байланысты желтоқсанға қарай РК-3 қазандығының қайта жаңарту жұмыстары (екінші кезек)  аяқталады, бұл қазандықтың белгіленген қуатын сағатына 70 Гкал-ға дейін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Осы ауданда жалпы ауданы 328 мың ш.м. 65 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде ағымдағы жылы жалпы ауданы 119,6 мың ш. м. (1478 пәтер) 26 тұрғын үйді салу жоспарлануда.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында ауданы 11,2 мың ш. м. 64 жеке үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Семей қаласының көшесін жарықтандыруды жаңғырту» жобасы аясында 136 көшеге 7 659 шам орнату немесе ауыстыру, 687 дана бағана, 2 602 дана кронштейн орнату, 130 шақырым кабелін жүргізу, 196 басқару шкафын орнату жоспарланған.

Сонымен қатар, жобаға қосымша 70 көшені Everlight өндірісінің 2000 шамдарын орнатумен, 673 бағананы орнатумен, сондай-ақ басқару шкафтарын орнатумен және 20 шақырым кабельдерді тартумен қосу туралы шешім қабылданды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Бейбітшілік, Смычка, Затон және Мирный аудандарында жалпы ұзындығы 1,7 км болатын Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Халықты таза ауыз сумен қамтуды арттыру мақсатында Шақаман және Абыралы ауылдарына жалпы ұзындығы 40,3 шақырым су құбыры желілерін салу, Суық бұлақ ауылында ұзындығы 24 шақырым су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарын талқылауға арналған арнайы жиында облыс әкімі Даниал Ахметов алдағы жылға жоспарланған жобаларды жан-жақты пысықтауды тапсырды. Оның ішінде «Сергек» сыртқы бейнекамераларын орнату, Приречно ауылында мал қорымының құрылысы, 4 қазандықты қайта жаңғырту, қоғамдық көліктерге электронды билетті енгізу, ЕҚҚДБ арқылы сумен қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.

Кейбір жекелеген жобалар жүзеге асырудан толығымен алынып тасталды. Мәселен, Ираннан келген инвесторлар Агропорталдың құрылысын қаржыландырудан бас тартты. Осыған байланысты Үкімет қаулысына түзетулер енгізіледі.

 «2022 жылы 2020-2021 жылдары басталған барлық жобаларды аяқтаңыз. Олардың барлығын қаржыландыру қажет. Әлі басталмаған жобалар болмауы керек. Семейді дамытудың кешенді жоспары Қазақстан Президентінің жеке бақылауында, сондықтан барлық жобалар аяқталуы немесе жүзеге асырылу сатысында болуы тиіс», – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың артығымен орындалғанын жеткізді. Құрылыс жоспарында 22 үй салыну қажет болса, биыл 35 үй салынуда. Осыған байланысты, қала басшысы аталған өзгерістерді Семейдің кешенді даму жоспарына енгізуге рұқсат сұрап, оған оң жауап алынды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2022 жылы Семейде жол салу бойынша ауқымды жұмыстарды еске салды.

   «Мен сіздердің осы жылы жолдарды жөндеуде жақсы жұмыс атқарғандарыңызды білемін. Бірақ демалуға болмайды. Сіздер қаланың оң жағалауындағы тағы 50 бұрылыстың құрылысын қарастыруларыңыз керек. Жалпы, бұл 65 шақырымды құрайды. Өскеменде 5 жыл ішінде жасалған жұмыстарды сіздер 1 жыл ішінде жасауыңыз керек», – деп қорытындылады Даниал Ахметов.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button