ШҚО-да ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды
Ағымдағы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ағымдағы жылдың 28 қазанында Тосқайың ауылы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде орман шаруашылығынан «Самырсын» тұқымды ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды, олардың жалпы көлемі 102 текше метрді құрады. Келтірілген шығын сомасы 590 000 теңгеден асты.
– Тексеріс барысында ұрланған ағаштарды сатуды жоспарлаған Күршім ауданының 39 жастағы тұрғыны анықталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 – бабы 2-бөлігіне сәйкес (айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.
Жедел профилактикалық алу іс-шарасы барысында облыс көлемінде барлығы 300-ге жуық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Онда 511 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 7 ағашты заңсыз кесу фактісі анықталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
Semeynews.kz