ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік тұрғын шетелдікті 700 000 теңгеге алдап кетті

Семей тұрғыны шет ел азаматын 700 000 теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 23 қазанында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ Семей қаласында тұратын Тәжікстан Республикасының 30 жастағы азаматы жүгініп, 2021 жылдың қыркүйек айының соңынан 23 қазанына дейінгі аралықта қала көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде 20-25 жас шамасындағы азиаттық келбеттегі бейтаныс қыздың алдау жолымен, алған тауарын мобильді банктік қосымша арқылы төлеймін деген сөзіне сеніп, артынша оны төлемей кеткенін хабарлады. Осылайша 700 000 теңге залал келтірді.

“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап,қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 – бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – деді Семей қ.ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button