ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО
Өскеменде бейнебақылаудың көмегімен есірткі жасырушы ұсталды
Өскеменде полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелерінің және “Сергек” автоматтандырылған бағдарламалық кешені операторларының көмегімен 19 жастағы синтетикалық есірткі жасырушы ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығының көшелеріндегі қауіпсіздік бейнемониторингі кезінде “Сергек” кешенінің операторы күдікті жас жігітті көрді. Бейнені жақындатқан кезде жігіттің есірткі заттарын жасырып жүруі мүмкін екендігі түсінікті болды.
Әрі қарай полиция күштері “жасырушы” координаттары бар ақпаратты Жедел басқару орталығына тапсырып, оның офицерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстау үшін патрульдік нарядтар жіберген.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны Абай даңғылындағы тұрғын үйдің ауласында ұстады. Ұсталғаннан 30 пакетке салынған пировалерон синтетикалық есірткі алынды. Ұсталғанға дейін тығып үлгерген, 2 жасыру орны табылды.
Semeynews.kz