
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында 9 өрт орын алған. Жекелей тоқталатын болсақ:
23 қазанда сағат 12:30-дар шамасында Абай ауданы Қарауыл ауылында ашық аумақта тұрған метал вагонның ағаш құрылымдары, ішкі жабындылары, жиһаздары өртенген. Құтқарушылармен 24 шаршу метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі – жылыту пешін немесе қондырғыларды пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Сол күні Риддер қаласындағы Островский көшесіндегі бас қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде, бесінші қабатта орналасқан екі бөлмелі пәтердің ас бөлмесінде өрт шықты. Бөлмедегі тұрмыстық техникалардың бөлшектері, ағаш жиһаздары өртенген. Құтқарушылар автобаспалдақты пайдаланып, 12 шаршы метр алаңдағы тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің шығуына электрқондырғыларының авариялық жағдайы себеп болған.
23 қазанда Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында қозғалыс кезінде 1988 жылы шығарылған «Ауди 80» маркалы автокөлігі өртенген. Көліктің қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектері, панелі, көліктің салоны өртенген. Құтқарушылармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары құрылғыларды абайсыз ұстау.
Бұдан сәл кейінірек, Глубокое кентінде Фрунзе көшесіндегі үйлердің бірінің ауласындағы моншада өрт шықты. Өрт сөндірушілермен 8 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуы пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
24 қазанда сағат 06:00 шамасында Көкпекті ауданындағы үйлердің бірінің ауласында жиналған 22 тонна пішен өртенді. Тұрғындардың өртті абайсызда пайдалануы өрттің шығуына себеп болған.
Сол күні Алтай ауданында 2 отбасына арналған барақ типтегі үйдің төбесі өртенді. 20 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Электр қондырғыларын пайдалануда және жөндеуде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өрттің шығуына себеп болған.
24 қазанда Семейде 2 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Үйдің шатыры, есік және терезе бөліктері, жиһаздары, жеке заттары өртенген. Өрттің жалпы аумағы 90 шаршы метр. Пешті дұрыс пайдаланбау өрттің шығуына себеп болған.
Дәл осындай жағдай 25 қазанда Жарма ауданында орын алды. Үй ауласындағы моншаның төбесі және ішкі ағаш жабындылары өртенді. Өрттің аумағы 5 шаршы метр.
25 қазанда Алтай қаласында Матросов көшесінде «Нива Chevrolet» көлігінде өрт шықты. Құтқарушылармен 5 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары құрылғыларды абайсыз ұстау.
Semeynews.kz
Семейдегі өрт