ҚоғамСемейТОП

Семейде үй аулаларын аббаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қала әкімі Бақытжан Байахметов Галето көшесіндегі аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мердігер мекеме «Шығыс Сапа» ЖШС Галето көшесіндегі 40, 42 және 44 үйлердің аулаларында жұмыс жүргізуде.

Бұл аулалар шөптер мен шіріген ағаштарға толып кеткен. Ондаған жылдар бойы жиналған қоқыс есебінен жол учаскелерінің беттері тегіс болмай, тиісінше, көктем мезгілінде және жаңбырдан кейін бұл жерлерде үлкен шұңқырлар пайда болған. Тұрғындар пәтерлеріне жету үшін қоқыстардың үстінен жүруге мәжбүр болды.

Мердігер ұйым басшысы Нұртөлеу Досымхановтың айтуынша, жұмыс басталғаннан бері ауладан 50-60-қа жуық көлік қоқыс шығарылды.

  • Қазір жиектастарды орнату және тас төсеуіштерді төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, мердігер мекеме спорт және балалар алаңдарына бетон-негіз құяды. Аға буын өкілдері үшін үстел мен орындықтары бар жабық шатырлар орнатылады. Бұл аулаларды абаттандырудың соңғы белгілері – ағаш отырғызу және жарықтандыру жұмыстары. Бұл жерлерге 20 дана шырша мен терек отырғызылады, – деді шаһар басшысы.

Бақытжан Байахметов жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Қазіргі уақытта, 10 маманнан тұратын қосымша бригада тарту туралы шешім қабылданды.

Ауа райы жағдайына байланысты жұмыстың аяқталу мерзімі – осы жылдың қараша айының соңы.

Қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына да жауап берді. Әкім келесі жылы Галето (Карменов көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін) көшесіне орташа жөндеу жоспарланғанын хабарлады. Келесі жазда аталған көше жаңа асфальт төселген, заманауи жарықтандырылған кең көше болады.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button