ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО полицейлері жүкті әйелге көмектесті

Өскемен полицейлері көліктегі жүкті әйелді Ана мен бала Орталығына жедел жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қазанда күйеуі жүкті әйелін Шемонаихадан Өскемендегі Ана мен бала Орталығына әкеле жатқанда, көлікте әйелдің толғағы келген. Дереу көмекке келген облыс орталығыныңпатрульдік полицейлері ер адамға әйелін Ана мен бала Орталығына жеткізуге көмектесті.

  • «102» арнасына күйеуі өзі телефон шалып, көлікте әйелінің толғағы келіп, босанғалы жатқанын хабарлап көмек сұрады. Патрульдік полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанттары Талант Абдрахманов және Аслан Сағатов көмекке келіп, медициналық мекемеге жедел жетулеріне көмектесті. Бақытты әке полицейлерге шексіз алғысын білдірді, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button