
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 19 қазанда сағат 05:43 шамасында Алтай қаласының Курчатов көшесі бойында жол-көлік оқиғасы орын алған. Автокөлік ағашқа соғылып, жүргізуші көлікте қысылып қалған.
Оқиға орнына дереу келген құтқарушылармен гидравликалық құралдың көмегімен ВАЗ-21010 көлігінің артқы есігін ашып, 1981 жылғы ер адамды шығарып, орта ауыр халдегі жүргізушіні жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Semeynews.kz