
Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте «Победа» емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Эльмира Әбішева мәлімдеді.
- Бүгінгі таңда емханада вакцинаның екі түрі бар – «QazVac» және «Спутник V». Бірінші компонентпен 6113 адам, екінші компонентімен – 5223 адам вакцинацияланды. Әрине, бас ауыруы және дене қызуы сынды кейбір жанама әсерлері де бар. Өзге вакциналардағы сияқты өзіндік реакциялары бар. Вакцина 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, аллергиясы бар және созылмалы аурумен ауыратын адамдарға, сондай-ақ медициналық қаралудан өтпеген адамдарға ұсынылмайды. Қазіргі уақытта қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі болып қала беруіне байланысты, әлеуметтік ара қашықтықты және маскалық режимді сақтау қажет, – деп қорытындылады Эльмира Әбішева.
Semeynews.kz