
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласының полиция басқармасына 34 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған.
- Ол көлікке техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінің жанында бұрын таныс емес ер адам көлігін жөндеп беруге ұсыныс жасаған, содан кейін олар келісіп, жәбірленуші 289 мың теңге мөлшерінде бастапқы жарна төлеп кеткен. Алайда азамат уәде етілген жұмысты жасамаған және ақшаны да қайтармағаны анықталды, – деп хабарлады Өскемен қ. ПБ бастығы полиция полковнигі А.Мула.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (“Алаяқтық”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үлбі ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен 35 жастағы қала тұрғыны ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындаған, алайда алған ақшалай қаражаты өз қажеттілігі үшін жұмсағанын айтқан.
Semeynews.kz