ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да есірткіге масайған жүргізуші ұсталды

Аягөзде есірткіге масайған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 7 қазанында полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Аягөз қаласындағы көшелерінің бірінде 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Тойота» автокөлігін тоқтатты.
Тәртіп сақшылары құжаттарды тексеру кезінде, жүргізушіден спецификалық иісті сезіп, азаматты көлік басқарудан шеттетіп, масаңдық күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге баруды ұсынған.

  • Нарколог-дәрігер жүргізуші каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас екендігі туралы медициналық қорытынды шығарды. Сонымен қатар, аталған жүргізуші бір жыл бұрын7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button