
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қазанда сағат 18:00 шамасында “Өскемен-Шемонаиха” тас жолының 52-ші шақырымында ВАЗ-2109 және МАЗ көліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасында алған жарақаттардан ВАЗ-2109 көлігінің 65 жастағы жүргізушісі және 63 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот сараптамалары тағаындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Semeynews.kz