ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлан ауданында қайғылы жағдай орын алды. Алебастр су қоймасына балық аулауға барған 1956 жылғы азамат суға батып кетті.
- Ер азамат достарымен бірге балық аулауға барған. Құтқару жилетінсіз қайыққа отырып, жағадан 200 метр қашықтықта қайықта ұстана алмай суға құлаған. Куәгерлер көмек көрсетуге тырысқан, алайда үлгермеді, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Semeynews.kz