ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 11-17 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында мемлекетаралық бағдарлама шеңберінде “Угон” жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – автокөлік ұрлығын ашу, оның ішінде автокөлік құралдарын ұрлаумен айналысатын халықаралық қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу.
“Криминалдық полиция қызметкерлері ЖАІШ барысында 2 күн ішінде айдап әкетудің 3 фактісін, оның ішінде бұрын жасалған 2 қылмысты ашты. Барлық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, автокөлік ағынын тексеру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды, нәтижесінде Ресей Федерациясында айдап әкетуде есепте тұрған 2 автокөлік анықталды. Аталған автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деді баспасөз қызметінде.
Бұдан басқа, жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде ұрланған автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді (автобөлшектер, бұрын пайдалануда болған қосалқы бөлшектерді сату бойынша сауда нүктелері, ТҚС және т.б.) өткізу орындары тексерілді.
Semeynews.kz