
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Көкпекті ауданының ПБ кезекші бөліміне Үлкенбөкен ауылының 47 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылғы 27 қыркүйекте ауылдық округтегі еркін мал жайылымынан белгісіз тұлғалар 1 бас ірі қара малды ұрлағанын хабарлаған. Келтірілген зиян көлемі 450 000 теңгені құрады.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп түсіндірді ведомствода.
Semeynews.kz