Семей қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, А.Қ. есімді сотталғанның бас бостандығынан айыру жазасын айыппұл төлеуге ауыстыру туралы өтініші бойынша материал қаралды.
Аягөз қаласының бұрынғы әкімі өтінішхатында заңмен бекітілген жазаның 3/1 бөлігін өтегенін және өтелмей қалған мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұраған.
Еске сала кетейік, аталған азамат ҚР ҚК 366-бабы 2-бөілігі бойынша 4 жыл 6 айға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазасын өтеуге сотталған.
«Түрмеде отырған кезде ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Сот үкімі бойынша процессуалдық шығындарды төледі, азаматтық талаптары болмады. Тәрбиелік іс-шараларға да белсенді қатысты. Сотталған азамат қамауда ұстаудың жеңілдетілген жағдайларына ауыстырылған. Мекеме қызметкерлерімен және психолог мамандарымен оң қырларынан мінезхделеді», – делінген ақпаратта.
Осылайша, сот шешімімен экс-әкімнің өтініші қанағаттандырылды.
Semeynews.kz