ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да болған өрттен он адам құтқарылды

Өскемендік құтқарушылар өрт кезінде 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрнде сағат 01:22-де Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің ас үйіндегі жиһаздары, терезе блоктары, еден жабындысы өртенген.

  • Оқиға орнына келген құтқарушылар бірінші кезекте түтін аймағынан 10 адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарды және 12 адамды, соның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Тұрғындар жылы және жайлы “Вахта” арнайы көлігіне орналастырылды. Өрт сөндірушілермен 8 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді, – деді баспасөз қызметінде.

Өрттің алдын ала шығу себебі – отты абайсыз пайдалану. Зардап шеккендер жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button