
Бейсенбі, 7 қазан, сағат 14:30, Өскемен қаласы, Достық және қоғамдық келісім үйінде Шығыс Қазақстан идеологиясының насихат тетігі – «Шығыс ақпарат» ЖШС бақылау кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Жиналысқа облысымыздың арқа сүйер арландары мен облыс әкімінің орынбасары Азамат МУХАМЕДЧИНОВ бастаған шенеуніктер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (Омарбек БАЙУАКОВ), жұртшылықтың бір бөлігі қатысты. Сонымен қатар жиналыс залына жоғарыда аталған серіктестіктің қызметкерлері жиналды. Бұл жерде журналистер, фотокорреспонденттерде болды. Оларды тек еңбекақы мәселесі алаңдатты, себебі жүз пайыз мемлекеттік кәсіпорын бола тұра еңбекақыны кешіктіру және мемлекеттік ақпарат тапсырысы тендерлері бойынша проблемалар орын алды.
ЖШС редакцияларының бірінің қызметкері Екатерина ШЕНДРИК өз нұсқасын айтып өтті.
- Биылғы жылы еңбекақы мәселесі туындады. Немен байланысты екенін білмеймін, мен қарапайым жұмысшымын. Қаржы мәселесіне байланысты біз еңбекақыны өткен айларда бөліп-бөліп алдық. Бізге еңбекақы қалай төленетіні белгісіз екенін айтты. Біз осында мән-жайды білу үшін келдік, себебі бәріміздің балаларымыз бар, төлейтін несиелеріміз бар, біз қалай өмір сүруіміз керек. Біз ақша болмай қалама деп қорқамыз, себебі біздің мекеме дотацияға тәуелді, неліктен қаражат жетіспейді, түсініксіз. Мекемеміздің кейбір қызметкерлері басқа жұмыс іздеуді қарастыруда, – деді ол.
«Шығыс ақпарат» ЖШС қызметкерлері өте жігерлі болды. Негізінде мемлекет жағындағы идеология майданының қызметкерлеріне еңбекақыны кешіктіру немесе төлемеу еш жерде көрініс алған емес. Алайда бақылау кеңесі мүшелері, сонымен қатар облыстық шенеуніктер тарапынан ұжымға немесе бұқаралық ақпарат құралдарына мән-жайды түсіндіруге деген ниеттер болған жоқ.
Кеңестің жиналу себебі, облыстық ішкі саясат басқармасы және ведомстволық ЖШС басшысы Ерлан СМАҒҰЛОВ арасында болған кикілжіңге байланысты. Еліміздің шығысындағы жағдай таңқаларлық, себебі, құрамына 200-ден астам адам жұмыс істейтін, тиражы үлкен екі облыстық, алты аудандық газеті, SMM департаменті, аймақтық коммуникация қызметі, ақпараттық орталық, типография мен баспахана кіретін мемлекеттік кәсіпорын басшысы жиі ауысады. Бұған дейінгі басшылар құрылтайшылар алдында үндеместік саясатын ұстанып, «күн тәртібін» орындап, мемлекеттік тапсырыстарды алып отырған. Кез-келген келіспеушіліктер, туындаған бетте сөндіріліп отырды, облыстық әкімдік есігінен тыс шықпады. Енді міне, бірнеше мемлекеттік тапсырыс тендерлері үшін түсініспеушіліктер туындады.
Жиында қақтығысқа себеп болған фактілер ашып айтылады деп күтілген. Бірақта, Азамат МУХАМЕДЧИНОВТЫҢ ұсынысы бойынша, бейтарап аумақта өтіп отырған жиналысқа қатысушылар өзара ақылдасып, күтпеген жерден жиналысты жабық өткізуге шешім қабылдады. Бұл шешімге мемлекеттік ЖШС басшысы Ерлан Смағұлов қарсы болды, алайда оның кеңеске қатысы болмауына байланысты оның пікірі назарға алынбады. Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег ЧУГУНКОВ, шара барысында коммерциялық құпиялықтар талқылануына байланысты есік барлығына бірдей жабылады деді. Жиналыс тек журналистер залдан шығып, олардың артынан есік жабылғанда ғана басталды. Бюджеттік қаражат төңірегінде әңгіме болып жатқанда қандай коммерциялық құпиялық болуы мүмкін? Тіпті түсініксіз. Зал сыртында жиналыс қорытындысы бойынша мекеме басшысын ауыстыру ұсынылды деп айтылуда.
Semeynews.kz
Дерек көзі – Ratel.kz сайты