ШҚОҚоғамТОП

ШҚО-да үйінен қашқан жеткіншек қыз Алматыда тұрмысқа шығып кетті

Шығыс Қазақстанда үйлерінен қашқан үш жеткіншек қыз табылды, олардың бірі Алматыда тұрмысқа шығып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстанда жеткіншек қыздардың үйлерінен қашып кетуінің үш фактісі орын алған.

Бірінші жағдайда, ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Семей қаласының полиция басқармасына 49 жастағы әйел жүгініп, 12 қыркүйек күні кешке сағат 18:00 шамасында үйден қашып, үйіне оралмаған, 14 жастағы қызын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 15 қыркүйекте ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Семей қ. криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп үйінен қашқан кәмелетке толмаған баланы Павлодар қаласынан тапқан.
Белгілі болғандай, қыз «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы көрші қалада тұратын жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен кетуді шешкен. Жасөспірім тәртіп сақшыларына ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтіндіктен үйден өз еркімен кеткенін жеткізді. Оқушысы қыз Семей қаласына жеткізілгеннен кейін  туыстарына тапсырылды.

Осыған ұқсас оқиға Өскеменде болды, 48 жастағы әйел 1 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына хабарласып, кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын жеткізді.
8-сыныпта оқитын қызы ағымдағы жылдың маусым айының соңында үйден кетіп, баласын Алматыдан тауып, үйіне алып келуге бел буған екен. Қаладан шығар алдында жанармай бекетіне тоқтаған сәтте қызы қайтадан қашып кеткен.
19 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматыда жасөспірім қызды тапқан. Жедел уәкілдермен сөйлесу кезінде үйден өз еркімен кеткенін жеткізген, сонымен қатар Алматыда өмір сүргісі келіп, сыған дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып кеткен. Тәртіп сақшылары оны ата-анасының үйіне қайтарды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Семей қаласының полиция басқармасына 20 жастағы жігіт жүгініп, 17 жастағы қарындасы 17 тамызда таңертең үйден шығып, содан кейін оралмағанын хабарлаған. Қыздың қалтасындағы ұялы телефон сөндірулі болған. 20 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлері оны Нұр-Сұлтан қаласында жұмысқа орналасуға тырысқан сәтте тапты.
Әңгіме барысында ол алдымен Түркістанға келіп, әлеуметтік желіде бұрын танысқан жігітімен жақсы өмір іздеп елордаға келгені белгілі болды. Полиция кәмелетке толмаған баланы туыстарына қайтарды.

Жоғарыда аталған қыздардың барлығы арнайы қосымшалар арқылы басқа қалаларға таксимен жетіп отырған.
Көбінесе дисфункционалды отбасылардан шыққан балалар қашады, бірақ туыстарымен қақтығыстардан кейін кететіндер де бар.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен, әсіресе жасөспірімдермен қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз, олармен сөйлесуге уақыт табыңыз. Баламен көп сөйлесіп, оның өміріне қызығушылық танытып, бос уақытында не істегенді ұнататынына, қандай фильмдер көретініне, қандай компьютерлік ойындар ойнайтынына үнемі көңіл бөліңіздер. Балалар үнемі ата-ананың көңілін қажет етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button